COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерін қаржылық қолдаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 сәуірдегі № ҚР ДСМ-28/2020 бұйрығы
(2021.26.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қазандағы № ҚР-ДСМ-102 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020.19.08. № ҚР ДСМ-97/2020 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығы 1-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 30 наурыздағы № 8 хаттамасынының 2.1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020.19.08. № ҚР ДСМ-97/2020 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің және қауіп топтарындағы жұмыскерлердің жалақысына үстемеақы мөлшерлері;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің жалақысына үстемеақы белгілеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау миниистрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;